{metadescription}
0:000:00
Алматыда құлағалы тұрған үйдің тұрғындары биліктен көмек сұрады

Алматыда құлағалы тұрған үйдің тұрғындары биліктен көмек сұрады

Алматыда ондаған тұрғын жандарын шүберекке түйіп отыр. Себебі Көктөбенің етегінде орналасқан үйлері құлаудың алдында тұр. Көктемгі нөсер жауыннан кейінгі топырақ көшкінінен ағаштар баспаналардың үстіне құлаған. Енді осындай жаңбыр қайталанса, үйлер көшкін астында қалуы мүмкін. Ресми түрде апатты деп танылған аумақтың тұрғындары жағдайды біле тұра, шара қолданбай отырған атқамінерлерге өкпелі.

75 жастағы Раиса Саусақбаева апатты жағдайдағы баспанада жалғыз өзі ғана тұрады. Кейуана мамырдағы толассыз жауыннан кейін мұнда жанын шүберекке түйіп, әрең жүр. Себебі, үйдің бір қабырғасы әне-міне құлауға шақ қалған. Ал қарияның басқа барар жері жоқ.

Раиса Саусақбаева, Алматы қаласының тұрғыны:

- Мына жерде көп жаңбыр жауды. Жоғары вольтты тоқ өтіп жатыр. Жатқанда қорқам. Үй маған құлағалы тұр.

Бұл аумақ қауіпті болғандықтан, мамыр айында тұрғындар жаппай көшірілген екен. Себебі, лай көшкінімен қоса биік ағаштар шетінен опырылып түскен. Үсті-үстіне орналасқан үйлерге біраз зақым келіпті. Бірақ атқамінерлер 2 аптадан кейін қауіп сейілді деп, жұртты үйлеріне қайтарған. Қазір үйлердің бірінің іргетасы қираса, енді бірінің төбесі құлағалы тұр.

Орынбасар Жақыпова, Алматы қаласының тұрғыны:

- «Жаңбыр болады» деп хабарлаған кеше телевизордан. Жаңбыр болмай, мынау балшықтар төбеден түсіп жатыр. Мынау ағаш құласа біз біттік қой. 

Ал құтқарушылар мамырдағы жауыннан кейін мұнда бас сұқпаған. Бірақ, тау бөктеріндегі үйлер орналасқан аумақты ресми түрде апатты деп таныпты. Бүгін төтенше жағдайлар департаментінен ресми жауап ала алмадық. Ал, әкімдіктегілер алдағы уақытта үйлерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетінін мәлімдеді.

Әдіс Сейдахметов, Медеу ауданы әкімінің орынбасары:

- Аумақты тексеру нәтижесінде ондағы топырақты химиялық тығыздау жұмыстарын өткізу қажеттігі анықталды. Қазір оны бастау үшін келісім жасалып, арнайы құжаттар реттелу үстінде.

Әкімдіктегілер апат салдарын жою жұмыстарын жақын күндері бастап, 1 айдың ішінде аяқтаймыз деп сендірді. Ал тұрғындар қазір басталған жауынның өзінен үрейленіп, қайда барарларын білмей отыр. Себебі, нөсер жаңбырдан тағы да жер опырылып, құлаған ағаштардың үйлерді басып қалуы әбден мүмкін. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде