{metadescription}
Таразда жабылып қалған сауда орталығына қатысты жанжал  қайта ушықты
Таразда жабылып қалған сауда орталығына қатысты жанжал  қайта ушықты

Таразда жабылып қалған сауда орталығына қатысты жанжал қайта ушықты

Үш жыл өтсе де, үміттері үзілмеген! Таразда жабылып қалған сауда орталығына қатысты дау қайта ушықты. «Шахристан» базарының аумағын мемлекет мүддесі үшін қажет деп алған әкімдік, кәсіпкерлерге әлі күнге дейін өтемақы төлемепті. Ал кезінде осы базарда нәпақасын айырған үлкенді-кішілі бутик иелері пайдадан қағылғандары өз алдына, банк алдындағы берешектерін қайтара алмай жатыр.

Талай тараздықтың нан-шайын айырған «Шахристанның» айналасындағы айқай толастар емес. Үш жыл өтсе де, кәсіпкерлер әділдік таппай жүр. Ал олардан тартып алынған бутиктердің орнына әлі ештеңе салынбаған. Қазір бұл жер азып-тозып, қорқынышты фильм түсіретін дайын декорация алаңына сияқты. Төбелері ортасына түсіп, айналаны арамшөп басыпты.

Диас Еркебаев, кәсіпкер:

-Бутиктердің жағдайы жыл өткен сайын нашарлап барады. 2014-тен бері өтемақы береміз деп келе жатыр. Әлі күнге дейін бір тиын төлеген жоқ. Банкке қарызбыз. Соған байланысты елден шыға алмай жүргеніме үш жыл болды. Қай жерге жұмысқа тұрсам да, жалақымның жартысын банк алады да отырады.

Аумағы алты гектар болатын «Шахристанның» орнында әуелгіде архелогиялық қазба жұмыстарын жүргізіп, кейін мейманхана салу жоспарланған екен. Бірақ қазір ол шаруа да басталмаған. Ал әкімдіктегілер мұны қаржының жоқтығымен түсіндіріп отыр. Яғни, дағдарысқа байланысты базар орнында жұмыстар жүргізуге де, кәсіпкерлерге өтемақы төлеуге де бюджеттен ақша қарастырылмаған.

Бауыржан Молдашев, Тараз қаласы әкімдігінің заңгері:

-Қаржының жетіспеуіне байланысты біз ол кісілерге ақша төлей алмай жатырмыз. Бірақ, жоғарыдағы тиісті орындарға бюджеттік  өтініш берілген. Бюджеттік комиссия қалай оны оң шешкен жағдайда, біз бұл кісілерге ақшасын төлейміз.

Кезінде «Шахристанда» сауда жасағандар базардың жабылуына қарсы шығып, мұны әлдекімдер рейдерлік жолмен тартып алып отыр деп айқайға басқан-ды. Бұл әрекеттерімен түк те өндіре алмаған кәсіпкерлер енді Президент әкімшілігі мен Бас прокуратураға арыз жазып, құқығымызды қорғаймыз деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде