{metadescription}
Шығыс Қазақстанда тегін берілуі тиіс дәрі тапшы
Шығыс Қазақстанда тегін берілуі тиіс дәрі тапшы

Шығыс Қазақстанда тегін берілуі тиіс дәрі тапшы

Ал ондай препараттарға облыста 150 мыңға жуық науқас мұқтаж. Негізінен жүрек пен қан тамырлары және гипертония секілді 12 дерт түрімен ауыратындар тегін берілетін дәрілер қоймада жатса да, оған қол жеткізе алмай отыр. Есесіне қымбат препараттарды өз қаражаттарына сатып алуға мәжбүр.

Бұған дәрі-дәрмекті жеткізумен айналысатын компаниялардың жұмысына сот шешімімен тыйым салынуы себеп екен. Нақтырақ айтқанда, «ең төменгі бағамен қызмет көрсетемін» деп тендерді ұтып алған «ЕуроАзияфарм» компаниясы құжаттары талапқа сай болмай шығып, байқаудан шеттетілген. Бұған ашуланған аталмыш компания басшысы дәрі-дәрмек жеткізумен айналысатын өзге әріптестерінің де жұмысын тоқтатуды талап етіп, сотқа шағым түсіріпті. Ал сот соның пайдасына шешім шығарған. Ақырында бұл тартыстың кесірінен ауру жандар зардап шегуде.

Сергей Попов, ШҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

-Енді біз құқықтық нормаларды сақтай отырып, әрекет етеміз. Осы мәселені шешу үшін облыстық сотқа апелляциялық шағым түсіргелі отырмыз. Жағдайдың түбегейлі қашан шешілері де белгісіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде