{metadescription}
0:000:00
Елімізде балаларды шошытатын ойыншықтардың саудасына тыйым салынуы мүмкін

Елімізде балаларды шошытатын ойыншықтардың саудасына тыйым салынуы мүмкін

Үрейді ұшыратын ойыншықтардың саудасына енді мүлдем тыйым салынуы мүмкін. Кедендік одақтың ойыншықтарға қатысты техникалық регламентке осындай өзгеріс енгізілуде. Енді мұндай шетелдік өнім саудаға шықпас бұрын психо-педагогикалық сараптамадан өтуі тиіс. Негізі, балалардың жүйке жүйесін зақымдап, дамуын тежейтін мұндай ойыншықтардың қауіптілігін психолог мамандар талайдан бері айтып келе жатыр.    

Психилогтардың дабылына кеш те болса құлақ асқан Ұлттық экономика министрлігі. Яғни, алдағы уақытта техникалық регламентке жаңа «психо-педагогикалық сараптама» деген ұғым пайда болуы мүмкін. Бұл бірінші кезекте балаларды қорқынышты ойыншықтардан алыстату үшін қолға алынып отыр.

Бақытгүл Даданбаева, ҚР ҰЭМ Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің сарапшысы:

-Қорқыныш сезімін тудыратын ойыншықтар өте көп. Мысалы, «Монстер хай», «Мэжик гэлс». Яғни, аталған қуыршақтардың бір көзі немесе бір қол-аяғы болмауы алдағы уақытта баланың психологиялық дамуына әсер етуі мүмкін. Кейбіреуінің аузынан қан кетіп жатқан сияқты немес бір көзі шығып кеткен.

Яғни кез-келген өнім сараптамадан соң ғана сатылымға шығарылуы керек. Бірақ мұнымен барлық ата-ана келісіп отырған жоқ. Қыруар қаржыға «құбыжық қуыршақтардың» қырығын сатып алған Альфия таңдау құқығы әркімнің өзінде болуы тиіс деген ұстанымда.

Альфия Нуляева, Алматы қаласының тұрғыны:

-Бұл қазір сәнге айналған, бүгін болғанымен ертең талғам өзгере салады. Бір баланың қолындағы дүниеге менің бүлдіршіндерім қызықса, неге мен оны алып бермеуім тиіс. Ал тәрбиенің бұған ешқандай қатысы жоқ. Ата-ана өз баласын жақсы көрсе дұрыс тәрбие береді.

Айтқандай-ақ дүкендерде мұндай ойыншықтар еркін сатылуда. Қорқыныштысы да, үйреншіктісі де самсап тұр.

Ойыншық дүкендерінің сөрелерінде ұл балаларға әдеттегідей көліктер мен ұшақтардың алуан түрі ұсынылуда. Одан бөлек мультфильм кейіпкерлері бейнеленген фигуралар және семсер мен тапаншалар да табылады. Яғни, талғам өзгеріссіз қалған деп айтуға болады. Ал кішкентай қыздардың таңдауы жиі ауысатын көрінеді. Мәселен, осыдан 2-3 ай бұрын «Монстр хай» деген қорқынышты қуыршақтар сұранысқа ие болса, қазір «Барби мен Кен» және жұмсақ ойыншықтар қайтадан сәнге айналған.

Ал мұндай ойыншықтар бірінші кезекте балалың психикасын бұзады дейді мамандар. Сондықтан тыйым салынғанын олар қолдап отыр.

Маргарита Өскенбаева, психолог:

-Күнделікті бала осы ойыншықтарды қолданса, түстерінде көруі мүмкін. Ал бала оны түсінбейді, қалай жеткізерін білмейді, шошынып оянады, сосынжүйкесі әлсірейді.. Бара-бара бала көп жылайтын болады, қорқатын болады. Бірақ бала өз еркімен ол ойыншықтар айырылмайды.   

Екіжақты пікір тудырған заңмен қазір арнайы жұмыс тобы айналысып жатыр. Ал жаздың соңына қарай Еуразиялық экономикалық одақтықтың алқасында мақұлдануы тиіс. Соған қарағанда, қол-аяғы жоқ, көзі шыққан қорқынышты қуыршақтар дүкен сөрелерінен түгел сыпырылатын сыңа

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде