{metadescription}
Павлодарда жалақы алмаған жұмысшылар шу шығарды
Павлодарда жалақы алмаған жұмысшылар шу шығарды

Павлодарда жалақы алмаған жұмысшылар шу шығарды

Павлодарда 60 құрылысшы маңдай тер ақыларын ала алмай жүр. Мемлекеттік бағдарламамен қөпқабатты үй салған жұмысшыларға компания  30 млн теңге берешек. Бастапқыда жалақыларының кешігетінін ескерткен мердегір аяқасты ауысып, ізін суытыпты. Жаңадан келгендері де төлейміз деп сендіріп, кейін қызметкерлерімен байланысты үзген.

Ғасриден Баймышев төртінші дәрежелі ұста. 20 жылдан бері құрылыс саласында еңбек етіп келеді. Жарты жылдық жалақысын алмаған ол қарызға белшесінен батып отыр.

Ғасриден Баймышев, жұмысшы:

-Барлығымызда балалар бар. Біреу балабақшаға төлемейді, кейбіреулері несиелерін төлей алмай жатыр. Бала-шағаны асырау керек қой. Ақтөбедегідей көшеге шықпаймыз ғой. Қайтеміз ондайды?

Тендер ұтып алған құрылыс компаниясы мемлекеттік бағдарлама бойынша көпқабатты мына үйді 2013 жылы салуға кіріскен. Кейін жұмысшыларға жалақының біраз кешігетінін ескерткен мердігер кейін тіпті аяқасты ауысып кетіпті. Жаңадан келгендері де жарылқамады. Бүгін кеңсе алдына жиналған қызметкерлерін ішке кіргізбей, есігін тарс жауып алды. Жұмысшы түгілі мұндағылар фирманың атқарушы директорын да тыңдағысы жоқ.

Александр Скварцов, «Павлодарэнергострой» ЖШС директорының міндетін атқарушы:

-Компания 60-қа жуық жумысшыға 30 миллион теңге қарыз. Бұл жағдай басшылар ауысқан кезден басталды. Ал жаңадан келген басшылық бұл бұрынғы жетекшілердің қарызы, онда шаруамыз жоқ дейді. Жарты жылғы еңбегімізді бермей, әбден шаршатты.

Жұмысшылар бірнеше мекемеге хат жазғанымен, еш өзгеріс болмаған. Ал әзірге 60 адамнан шағым алған еңбек басқармасындағылар тексерісті бастады.

Ерғали Асқаров, Павлодар облысы еңбек басқармасының басшысы:

-«Павлодарэнергострой» жұмысшылары келіп, арыз беріп жатыр. Енді прокуратурадан біз рұқсат алдық тексеруге. Енді осы маусым айының аяғында тексеріс болады. Егер ақшасын төлемесе, біз  ескерту жазамыз.Сосын сотқа береміз.

Ал үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Жұмысшылар тегін тер төккен 12 қабатты үй биыл күзде тапсырылады деп күтілуде.

132 пәтерлік мына үйдің құрылысы басталғалы басы даудан арылмады. Іргетасын қалаған бірінші компания істі соңына дейін атқармай тастап кеткен. Ал құрылысты қолған екінші мердігердің жұмысшылары жалақыларын маусымның соңына дейін күтпекші. Маңдай тер ақылары төленбеген жағдайда, өздері салған бұл үйді қайта бұзатындарын мәлімдеді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде