{metadescription}
Қорғаныс министрлігі Отардағы сарбаз өліміне қатысты мәлімдеме жасады
Қорғаныс министрлігі Отардағы сарбаз өліміне қатысты мәлімдеме жасады

Қорғаныс министрлігі Отардағы сарбаз өліміне қатысты мәлімдеме жасады

Қорғаныс министрлігі Саян Сатыбаевтың өліміне қатысты арнайы мәлімдеме жасады. Ведомстваның әскери медицина орталығы   22 жастағы сарбаз «асылып өлген» деп отыр.

Ақмоладан әскерге аттанған Саян Сатыбаев екі апта бұрын үйіне табытпен оралған болатын. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Отарда борышын өтеп жүрген сарбаз өз-өзіне қол салған. Алайда, Саянның әке-шешесі ұлдарының әлімжеттік құрбаны болғанына сенімді. Өйткені, марқұмның денесі көгеріп кеткен, соққы іздері көп. Қабырғасы сынып, мойны үзіліп, басы жарылған дейді- мәйітті ашып, жіті қарап шыққан туыстары. Мұны тіпті табытты әкелген офицердің өзі мойындаған. Алайда, әскери медицина орталығы мұның бәрін жоққа шығарып отыр. 

Бақтияр Мұздыбаев, ҚР ҚМ әскери медицина орталығының маманы:

-Сараптаманы жан-жақты жүргіздік. Саян Сатыбаевтың ішкі органдарына зақым келмеген. Қабырға, омыртқасы сынбаған. Денесіндегі, саусақ пен арқасындағы көк дақтар өлген адамның белгілері. Ол кез-келген сот-медициналық оқулықта жазылған. Яғни, мәйітке тән өзгерістер.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.