Бестөбедегі атысқа қатысты алғашқы болжам айтылды
Ақмола облысындағы атыстан жарақат алғандардың да нақты саны белгілі болды. Қазір оқ тиіп, таяқ жеген 16 адамның 4- уі ауруханада жатыр.
Автор: Ербол Сейілхан
20.06.2016
Естеріңізге салсақ, өткен аптада Бестөбе ауылындағы алтын өндіретін шахтада жұмысшылар мен күзетшілер шекісіп қалған. Карауылдар ішкі ережеге бағынбады деген желеумен кеншілермен төбелесіп, соңы даладағы атысқа ұласыпты. Оқиға орнына жеткен полицияның көзінше, «Қазақалтын» қызметкерлеріне оқ жаудырған күзетшілер 16 адамды жаралап, соққыға жыққан. Қазір 4 зардап шегуші ауруханада жатыр. Ал жанжал– ауысым кезінде жұмысшылардың арасынан заңсыз алтын іздеушілер анықталған соң басталған көрінеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!