{metadescription}
0:000:00
Таразда полицейлермен атысқан қаскөйге іздеу жарияланды

Таразда полицейлермен атысқан қаскөйге іздеу жарияланды

Тараздағы атыстан жараланған тәртіп сақшысы жансақтау бөлімінде жатыр. Екі жерінен оқ тиген полицейді ажалдан арашалап қалуға ақ халаттылар барын салуда. Тіпті жеті сағат ота жасалып, денесіндегі оқ алынған. Сонда да науқастың жағдайы ауыр. Осы қарулы қақтығыс кезінде оққа ұшқан күдіктінің де беті бері қараған жоқ. Елдің есін алған осы оқиғаның терроризмге еш қатысы жоқ деп отыр полицейлер. Дегенмен, қарулы қаскөйді ұстау үшін көпқабатты үй тұрғындарын түгел  эвакуациялауға тура келген. Қазір тәртіп сақшылары қаскөйдің сыбайластарын іздеп жатыр.

Жексенбідегі атыс 6-шы ықшамаудан тұрғындарының зәресін ұшырды. Күндізгі сағат төрттер шамасында қару асынған азамат көп қабатты үйдің ішіне жасырынып, тәртіп сақшыларына қарата оқ атқан. Қарулы қақтығыс кезінде патрульдік полиция қызметкері мен күдікті бірін бірі жарақаттапты. Қазір екеуі де хәл үстінде жатыр.  

-Отшашу атып жатыр деп ойладым. Келініммен дүкенге бара жатқанбыз. Кейін дүкенге  броножилетпен кірген полицейлердің қарасы көбейді.

Әсіресе полицейдің жағдайы ауыр дейді дәрігерлер. Екі жерінен оқ тиген тәртіп сақшысы көп қан жоғалтқан. Оны ажалдан арашалап қалу үшін ақ халатталыр алты сағат бойы ота жасапты.

Ербол Ордабеков, Тараз қалалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

-Оқ жарақатын алған екі азамат жеткізілді. Екеуінің де жағдайы өте ауыр. Полиция қызметкері өлім мен өмірдің арасында жатыр. Ал екіншісі жансақтау бөлімінде.  

Ал атыс болған аудан тұрғындары дереу оқшауланып, аумақ қоршауға алынған. Тапаншаның тарсылынан секем алған жұрт экстремистер атысқанын айтуда. Тіпті бір тобы қашып үлгерді дейді. Алайда бүгін полицейлер бұл алып-қашпа әңгімелердің бәрін жоққа шағарды.

Гүлсара Мұхтарқұлова, Жамбыл облыстық ІІД баспасөз хатшысы:

-Күдікті бұрын қылмыскер ретінде есепте тұрған. Бірақ оның ешқандай діни экстремизмге қатысы жоқ. Экстремизмге қарсы күрес басқармасының тізіміне алынбаған.

Десе де, тәртіп сақшысына оқ атқан күдікті жалғыз емес екен. Оның сыбайласы атыс кезінде қашып үлгеріпті. Қазір оны полицейлер тайлы тұяғы қалмай іздестіріп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде