{metadescription}
Алматы облысындағы апатты үйден көшірілген жұрт ақыры далада қалды
Алматы облысындағы апатты үйден көшірілген жұрт ақыры далада қалды

Алматы облысындағы апатты үйден көшірілген жұрт ақыры далада қалды

Бастапқыда 13 отбасыны интернат ғимаратына орналастырған Жамбыл ауданының атқамінерлері 3 күннен соң ол жерден қуып шыққан. Сөйтсе, әкімге тұрғындардың тілшілерге шағым айтқаны ұнамапты. Енді оларға төбесі опырылған үйлеріне қайтудан басқа амал жоқ. Оның өзін ұрылар есік-терезесіне дейін сыпырып үлгерген. 

60 жыл бұрын салынып, тозығы жеткен бұл үй мына адамдардың жалғыз баспанасы. Шатыры опырылып түскен соң жергілікті әкімдік интернаттан орын бөлініп, жағдай жасалғандай болған. Бірақ кейін, мәселені шешіп берместен ол жерден де қуып шығыпты.

Еңлік Өркенбаева, Ұзынағаш ауылының тұрғыны:

-Ол жерде біз екі күн тұрдық, екі күнде туалетін жауып тастады, ваннасын жауып тастады, ары-бері жүргізбеді бізді. Балаларға жүгірмеңдер деп зекіп  3-4 күннен кейін басқа жаққа көшіңдер деді. 

Бірақ бұлардың апатты үйден басқа барар жерлері жоқ. Оның өзін иелері кеткенде сұғанақтар есік-терезесіне дейін ұрлап кетіпті. Күзетеді деп қойған полицияның да қазір бірі де жоқ.

Айгерім Базартаева, Ұзынағаш ауылының тұрғыны:

-Менің екі терезем жоқ. Көршілердің барлығында жоқ .

Ал аудан басшылары ашулы. Шенеуніктердің шамына тиген, тұрғындардың тілшілерге айтқан шағымы екен.  

Еңлік Өркенбаева, Ұзынағаш ауылының тұрғыны:

-Қайда «КТК»-ларың шақырған, солар келіп көмектессін деп айғай салды  «КТК» шақырыңдар деді бізге. Таппай жатырмын нөмерін деп айтты бізге.

Сондықтан көмек сұрап барған тұрғындарға жауап қатпақ түгілі, Жамбыл ауданының атқамінерлері жағадан алуға даяр сыңайлы.  

-Бүгін болмайды деп айтып жатыр ғой. Сіздер босқа күтіп тұрсыздар.

-Енді ол сіздердің проблемаларыңыз. Хабарласыңыздар.

-Яғни ол біздің проблема, ал халықтың проблемасы сіздерге маңызды емес пе?

-Проблема!

-Түсірсе, түсіре берсін. Кеттік!

Аудандағы дөкейлердің дөрекілігін ауыл әкіміне жуып-шаюға тура келді. Айтуынша, шатырдың опырылып, үйдің апатты жағдайға жетуіне көгершіндердің саңғырығы себеп болуы мүмкін. Дегенмен апат себебі мен шешімді жариялау әлі ерте дейді.

Елкелді Қасымов, Ұзынағаш ауылдық округінің әкімі:

-Орын алған дүниені қалпына келтіру мәселесі, болмаса қандай да бір басқа жағдай жасау мәселесі туралы комиссия жұмыс жүргізіп жатыр. 7-10 күннің ішінде шешімді жариялаймыз.  

Осылайша екі апта бұрын санаулы күнде нақты жауап айтылып, баспана мәселесі шешімін табады деген шенділер бүгін кезекті рет уәдені үйіп төкті. Ал уақытша жатын орыннан айырылған жұрт қайда барарын білмей дал. Себебі, пәтер жалдауға жағдайлары жоқ. Сондықтан апатты үйдің амалы таусылған тұрғындары дәл осы жерде шатыр құрып, уақытша тұруға бел буып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде