Павлодарда Сириядағы соғысқа бармақ болған жігіт сотталды
Павлодарда лаңкестікті насихаттап, қарулы қақтығыстарға қатысу үшін Сирияға аттанбақ болған азамат сотталды. 22 жастағы жігіт ендігі 4 жылын темір тордың ар жағында өткізеді.
Автор: Әйгерім Шакаманова
22.06.2016
Былтыр Алматы қаласындағы діни медреселердің біріне түскен ол, кейін оқуын тастап Павлодар облысына қайтып келген. Тура жолдан таюына туған ағасы себеп болса керек. Сирияда жүрген сол бауыры соғысқа шақырып, жолақысы ретінде 300 доллар жіберген. Осы ақшамен Қырғызстанға жеткен күдіктіні Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері шекарада құрықтады. Сириядағы соғысқа тыңғылықты дайындалғанын мойындаған жігіт енді бас бостандығынан айрылып отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!