{metadescription}
0:000:00
Алматыда жалақы алмаған жұмысшылар бастықтарының үйіне баса-көктеп кіріп барды

Алматыда жалақы алмаған жұмысшылар бастықтарының үйіне баса-көктеп кіріп барды

Екі жыл бойы жалақы көрмеген жұмысшылар директорын үйіне дейін іздеп барды! Алматы облысында құрылыс материалдарын дайындайтын зауыт басшылығы жұмысшыларының алдында 80 миллион теңге қарызға батып қалған. Еңбекақы өтелсін деген сот шешімі де бар. Бірақ кәсіпорын басшысы қарыздан құтылуға асығар емес.

Темірден құрылыс қаңқаларын дайындайтын мына кәсіпорын күзден бері жабық. Есік алдын біраздан бері адам аяғы баспағаны да көрініп тұр. Ақша даулап келгендердің ылғи көретіні осы. Миллиондап жалақысын алмағандардың арасында директордың орынбасары да жүр.

Талғат Бегімбетов, «Қазгазтехника» зауыты директорының орынбасары:

-Мен мысалы 2 миллиондай ақшам қарыз бар. Ертең бір 15 күннен кейін жұмыс бастаймыз деді. 15 күн өтті, 20 күн өтті, шақырмады.

Тарихы 80-жылдардан басталатын алып зауыт Алматыдағы Халықаралық трамплиндер кешені, сауда үйлері секілді құрылыстардың қаңқаларын құрастырумен айналысқан екен. Тек дағдарыс келгенде тоқырап, жалақы түгіл, жұмысшыларының зейнетақы қорына бір тиын аудара алмапты.

Алтынгүл Түймебаева:

-Мен зейнеткерлікке  кетуім керек деп мәжбүрліктен жүрдім осы жерде.  Беріп қалар деп үміттендік. Енді «кете беріңдер» дейді.

Жоғарғы қабаттағы ашық тұрған терезені көрген соң жұмысшылар қалайда ішке басып кіруге талпынған. Шынжырмен байланған темір қақпа сыр бермеді. Іштен ешкім шықпаған соң бәрі жиналып бастығын тура үйіне іздеп барды. Директор үйінде екен. Айтуынша, банктен ірі көлемде несие алып, онысын өтей алмай, былық содан шығыпты.

 

Константин Асадулин, «Қазгазтехника» зауытының директоры:

-Банк барлық мүлкімізді бұғаттап тастады. Зауыт содан тоқтап тұр. Екі жыл бойы аз-аздан жалақы төлеп амалдағанбыз. Бірақ, қаражатымыыз таусылды. 150 адамға 80 миллион теңге қарызбыз. Қазір тығырықтан шығу үшін инвестор іздеп жатырмыз.

 

Тез арада инвестор табылмаса банк зауытты саудаға қоймақ. Содан түскен ақшадан жұмысшылар да тиісті еңбекақыларын алуы тиіс. Бірақ оған дейін әлі бірнеше ай күту керек. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде