{metadescription}
0:000:00
Оралда шенеуніктің әйелін өлтіріп алған косметолог зот залынан үйіне қайтты

Оралда шенеуніктің әйелін өлтіріп алған косметолог зот залынан үйіне қайтты

Ботокс жасаймын деп клиентін ажал құштырған мәскеулік косметолог сот залынан бостандыққа жіберілді. Эльвира Абдуллаеваға марқұмның туыстары кешірім беріпті. Сондықтан, тек 3 жыл шартты жазамен құтылған.

Соттағы соңғы сөзінде де көз жасын көл қылған сұлулық маманы Айжан Жақанованың туыстарынан тағы кешірім сұрады. Ол наурыз айында Оралға «Звезда Востока» салоны иесінің арнайы шақыртумен келген болатын. Ал ботокс жасатқаннан кейін облыстық Мемлекеттік кіріс департаменті бастығының әйелі Айжан Жақанова анафилактикалық шоктан есінен танған. Шақыртылған жедел жәрдем де жарытып көмек бере алмапты. Өйткені, келген дәрігері - 8 ай бұрын колледж бітірген маман мен зоотехник білімі бар фельдшер. Сөйтіп, дер кезінде кәсіби көмек көрсетілмеген Жақанова бақилық болды. Сондай-ақ тергеу кезінде Абдуллаеваның косметологиялық қызмет көрсетуге рұқсат ететін лицензиясы болмағаны да анықталды. Соған қарамастан, үш айға жуық Оралдың тергеу абақтысында отырған келіншек сот залынан үйіне кетті. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде