{metadescription}
0:000:00
Алматыда балаларды тірі тауарға айналдырғандар ұзақ мерзімге сотталмақ

Алматыда балаларды тірі тауарға айналдырғандар ұзақ мерзімге сотталмақ

Сәби саудасын қыздырған дәрігерлер 9 жылға сотталуы мүмкін! Алматыда балаларды тірі тауарға айналдырғандарға қатысты 5 айға созылған сот ісі аяқталуға жақын. Бүгін прокурор 32 айыпталушыға жеке-жеке жаза сұрады.

Бар жағдайды біле тұра туған баласын ақшаға бағалағандарды да ауыр жаза күтіп тұр. Мемлекеттік айыптаушы оларға 6 жыл 8 ай жалпы режимдегі колонияда жазасын өткізуді сұрады. Ал, заңсыз жолмен сәби асырап алған 7 ата-ана шартты жазамен құтылмақ. Егер, судья прокурордың талабын қанағаттандырса, 7 жылға жуық уақыт бойы олардың жүріс-тұрыстары қатаң бақылауда болады. Жаға ұстатарлық жағдайға қатысты үкімді судья келер аптада кеседі. Естеріңізге салсақ, Алматы облыстық ауруханасы перзентхана бөлімі қызметкерлерінің сәби саудасымен 8 жыл бойы айналысқаны былтыр әшкереленген болатын. Осы уақыт ішінде, ақшаға құныққан акушерлер 15 шақалақты сатып жіберген. Бүгін, кінәсін бірден мойындап, тергеуге көмектескен сол айыпталушылардың адвокаттары да судьядан жазаны барынша жеңілдетуді сұрады.

Айман Омарова, адвокат:

- Прокурор өзі біледі. Бірақ, біз ойлаймыз менің қорғауымдағы Сауытоваға 65-інші бапты қолдануға болатын еді. Ол мойындап, өзі келді. 65-інші бап бойынша ешқандай жыл берілмейді, ешқандай жаза қолданбайды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде