{metadescription}
Ақтауда 7-ші қабаттан құлап кеткен сәби аман қалды
Ақтауда 7-ші қабаттан құлап кеткен сәби аман қалды

Ақтауда 7-ші қабаттан құлап кеткен сәби аман қалды

Періштесі қаққан балақай қабырғаға бекітілген темір торға топ ете қалыпты. Сондықтан аздаған дене жарақаты болмаса, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. 

Оқыс оқиға кеше кешкісін болған. Көпқабатты үйлердің бірінде терезенің алдында ойнап отырған екі жасар бала аяқ-астынан ауып кеткен. Абырой болғанда қар мен мұзды ұстау үшін арнайы жасалған темір конструкцияның үстіне түсіпті. Оны осы маңда жүрген азаматтар көріп, дереу ауруханаға жеткізген. Аяғы сынып, миы шайқалған балақай қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты дейді. Айта кетсек, бұл үйдің үшінші қабатынан осыдан үш жыл бұрын да бір бала құлап, темір тордың арқасында аман қалған екен.

Құрман Қайранов, Ақтау қалалық ауруханасының бөлім меңгерушісі:

-1 жас ,9 айдағы нәресте жеткізілді. Түскен кездегі жағдайы ауыр. Бас-миының шогы, сол аяқтың сынуы, көптеген жарақаттар болды денесінде. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде