{metadescription}
Шығыс Қазақстан облысында жүздеген баспана су астында қалуы мүмкін
Шығыс Қазақстан облысында жүздеген баспана су астында қалуы мүмкін

Шығыс Қазақстан облысында жүздеген баспана су астында қалуы мүмкін

Өйткені, мұндағы ең үлкен су қоймасы Бұқтырманың ернеуінен асуға 45 см ғана қалыпты. Ал, ол күніне 2 жарым см-ге көтеріліп жатыр.

Бұқтырманың қауіпті деңгейге жетуі соңғы 50 жылдың ішінде бірінші рет. Бұған қыстағы қалың қармен қатар, екі күннің бірінде жауған жаңбыр себеп. Оған қоса Қытай тарапы Бұқтырмаға құйылатын Қара Ертістен жылдағыдан аз су алыпты. Қазір мамандар жанталасып қоймадағы суды жібере бастады. Ал, бұлай жалғаса берсе 15 күннің ішінде жағдай тіптен ушығып кететін түрі бар. Атап айтқанда, арнасынан асқан өзендер Ұлан және Глубокое аудандарының біраз ауылдарын басып қалауы ықтимал. Егер, шенеуніктер Ертіске жіберілген судың мөлшерін арттыратын болса Семейге де қауіп төнеді екен. Кезінде қоймадан секундына 1200 текше метр су ағызылғанда өзендергеге жақын орналасқан үйлер су астында қалған. Дегенмен, жергілікті билік жағдай әзірге бақылауда дейді. 

Даниал Ахметов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

-Қорқатын мәселе жоқ. Неге десеңіздер біз қазір Өскеменде 2400 м3/с жібереміз. Ал, Шүлбіде 3 000 м3/с асатын суды босатамыз. Сондықтан ешқандай қиындық болмайды деп ойлаймын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.