Ұлттық банк зейнетақы қорындағы ақшаны алуға рұқсат етуі мүмкін
Тұрғындардың зейнетақы қорларына жинаған қаржысын мерзімінен бұрын шешіп алуына жағдай жасалуы мүмкін. Яғни тиісті құжат қабылданса азаматтар өз жинақтарын зейнет жасына жетпей-ақ ала алады. Ұлттық банк осы мәселені қазір жан-жақты зерттеп жатыр.
Автор: Диас Нұрақын
22.06.2016
Бас банкир Данияр Ақышев айтуынша, мұндай тәжірибе әлемнің көптеген елдерінде бар. Яғни азаматтар зейнетақы қорындағы жиналған ақшасын жеке басына пайдаланып, несиесін жабуға немесе емделуге жұмсауға болады. Бұл тәжірибені енді біздің елде де енгізу мәселесі қарастырылуда. Ал оған дейін бас банкир зейнетақы қорларындағы қаржыны екінші деңгейлі банктерге жылдық өсімақысы 14-16 пайызбен депозит ретінде беруді ұсынып отыр. Осылайша халықтың жылдар бойы жинаған салымын инфляция жұтып қоймас үшін көбейтіп отырмақ. Бұдан бөлек бірыңғай зейнетақы қорындағы қаржы құнды қағаздар нарығында да кеңінен пайдаланылуда дейді Ұлттық банк өкілдері.
Ғалымжан Пірматов, Ұлттық банк төрағасының орынбасары:
-Зейнетақы қорында 6 трлн 145 млрд теңге жиналып отыр. Оның 42,5 пайызы Қаржы министрлігінің бағалы қағаздарына инвестицияланған. 39 пайызы басқа да Қазақстан республикасының имитенттерінің бағалы қағаздарына инвестицияланды. Және 10 пайызы шетелдік имитенттердің бағалы қағазына инвестицияланған. Егер валютамен бөлетін болсақ 79,5 пайызы теңгемен қалғаны шетел валюталарымен инвестицияланған
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!