{metadescription}
0:000:00
Мәжіліске оралған Нығматулинге депутаттар арыз айтып үлгерді

Мәжіліске оралған Нығматулинге депутаттар арыз айтып үлгерді

Ескі де, жаңа төраға! Бүгін президент әкімшілігінің экс-басшысы заң шығару ісіне оралып, Мәжіліс спикері болып сайланды. Саяси шешімдер қабылданатын Ақордадан кетсе де, ықпалын жоғалтпаған Нұрлан Нығматулинді әріптестері ерекше құрметпен қарсы алған. Ал жайлы орынтақты өз еркімен босатып берген Бақтықожа Ізмұхамбетов төменгі палатамен қимай қоштасты.

Ақордадан іргедегі Мәжіліске араға 2 жыл салып қайта оралған Нұрлан Нығматулин үшін бұл жер таңсық емес. Бірақ, президент әкімшілігін басқарып келгендіктен саяси салмағының одан сайын ауырлай түскені анық. Сондықтан депутаттардың бірі қалмай құшақ жая қарсы алып жатыр. Ал мысы басым әріптесіне жайлы орнын босатып берген Бақтықожа Ізмұхамбетов бүгін соңғы рет пленарлық отырысты өткізді. Онда да қоштасу үшін.  

Бақтықожа Ізмұхамбетов, Мәжілістің бұрынғы төрағасы:

-Мәжіліс төрағасының қызметінен өз еркіммен отставкамды қолдауларыңызды сұраймын. Қарсылық жоқ қой?

«Кетемін» дегеніне ешкім қарсылық танытпады. Төменгі палатаға небәрі 3 ай спикер болған Ізмұхамбетов батыл мәлімдемелерімен де көзге түскен жоқ.

Зейнет жасына жетіп, саясаттан қол үзген экс-спикер енді соғыс және еңбек ардагерлерінің тұрмысын түзеп, мүддесін қорғайтын республикалық  «Ардагерлер ұйымын» басқарады.

Бақытжан Әбдірайым, Мәжіліс депутаты:

-Республикада болып жатқан трендті байқап отырсыз ғой. Жастау адамдарды қызметке шығарып жатыр. Бәкең енді жасы 67-ге  келді, 70-ке таяп қалды...

Ізмұхамбетовпен қоштасып үлгермей жатып, 107 депутат су жаңа төрағаны сайлауға дереу  кірісті. Кіре беріске шығып жалғыз кандидат 54 жастағы Нұрлан Нығматулинге жасырын дауыс беруге асықты. Спикерліктен үміткердің өзі де таңдау жасап, терең күрсінді. Сайлаудың қорытындысы да тез дайын болды. Халық қалаулыларының бірі қалмай тегіс Нығматулинді қолдаған.

Нұрлан Нығматулин, Мәжіліс төрағасы:

-Бұл әрине мен үшін үлкен мәртебе және үлкен жауапкершілік. Сондықтан алдағы уақытта Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың және сіздердің сенімдеріңізді ақтауға, Мәжілістің жұмысын одан әрі күшейту жолында барлық жиған білімімді, жинаған тәжірибемді осы жұмысқа жұмсайтын боламын.

Жаппай құттықтаудан кейін Нығматуллинге алғашқы арыз да айтылды. Осы уақытқа дейін үнсіз келген депутаттар «бұрынғы спикер сөзімізді соңына дейін тыңдамады» деп отыр. 

Азат Перуашев, Мәжіліс депутаты:

-Бір депутат сөз сұраса: «осымен пікір алмасуды тоқтатайық» деп ұсыныс шығарады.  Көбісі соған дауыс береді. Ал басқа фракциялардың депутаттарына сөз тимей  қала береді.

Енді темірдей тәртіп орнап, пленарлық отырыс кезінде жүріс-тұрыс да сап тыйылуы мүмкін. Нығматулиннің ешкімді тырп еткізбейтінін мәжілісмендер де мойындап отыр.

Үкімет мүшелеріне де талаптың күшейетіні анық. Өйткені, Нығматулин бұған дейін төрағалық еткенде дайындалмай келген министр мен олардың орынбасарларын талай рет мінберде тұрған жерінен қуып шыққан еді. Осындай қаталдығымен танымал жаңа спикер депутаттарды ертең де жұмыс істетіп, бірнеше жылдық үзілістен кейін өзінің алғашқы жалпы отырысын өткізбек. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.