{metadescription}
Қарағанды облысында ауру малдың етін жеп көз жұмғандар мырыштан жасалған арнайы қабірмен жерленеді
Қарағанды облысында ауру малдың етін жеп көз жұмғандар мырыштан жасалған арнайы қабірмен жерленеді

Қарағанды облысында ауру малдың етін жеп көз жұмғандар мырыштан жасалған арнайы қабірмен жерленеді

Күйдіргі дерті тараған Қарағанды облысының Еркіндік ауылында төтенше жағдай жарияланып, карантинге жабылды. Эпидемиологтар мұндағы әр үйде залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Аса қауіпті індетті жұқтырған 7 адам қазір ауруханада. Оның біреуі бүгін түскен. Тағы екі тұрғын кеше көз жұмған болатын. Барлығының күйдіргі дертін жұқтырғанын сараптама растады. Ал кесел малдан тарапты. Сойылған ауру сиырдың еті тіпті көрші-қолаңға таратылып кеткен екен. Содан дәм татқан 62 тұрғын қазір ерекше бақылауда. Еркіндіктен ет, сүт өнімдері мен тұрғындарындың шығуына да қатаң тыйым салынды....

/strong>

Шағын ғана Еркіндік ауылындағы 478 тұрғынды қазір 15 дәрігер қарап жатыр. Ал 2 мыңға тарта ірі қараны 17 ветеринар тексеріп шыққан. Бірақ малдың бірінде де ауру белгілері байқалмапты. Ал арасында 21 бала бар 62 ауыл тұрғыны амбулаторлық бақылауға алынды. Қазір елді-мекенге кірер үш жолда мынадай бекеттер орнатылып, 15 күн карантин бітпей ауылдан адам баласы аттап шықпайды.

Мұхит Мұхтаров, Шет ауданы әкімінің орынбасары:

- Блокпостар қойылды. Адамдар қазір кете алмайды. Ал келетін адамдар болса, ауылға кіреді, шығуға рұқсат жоқ.

Ал ауру сиырды қараған ветеринар күйдіргі ауруының белгілерін байқамаған екен. Бірақ иесі арам өлгенше деп сойып, етін ауылдағыларға сатқан. Облыстық ветеринарлық басқарма кеселдің сол еттен тарағанын растап отыр. Дегенмен ауылдағы ірі қараға екі ай бұрын ғана осы ауруға қарсы екпе жасалыпты.

Марат Мұхтаров, Қарағанды облысы бойынша ветеринарлық бақылау комитеті испекциясының жетекшісі:  

-Мал егілген екен 30- шы наурыз күні. Мал иесінің өзінің қойған қолы бар. Дәрігердің егуі бар. Өзі 11 ауруға егіледі Қарағанды облысында.

Мамандар қазір екі болжамды тексеріп жатыр. Бірі кесел жайылымдағы жер-судан жұқты делінсе, екіншісі жақында жасалған вакцина. 

Саят Мусин, Қарағанды облыстық ветеринария басқармасы бастығының орынбасары:

-Жасалған екпеден де болуы ғажап емес. Ағзасы әлсіз малдың иммунитеті қоздырғышқа төтеп бере алмауы мүмін. Сондықтан малдан күйдіргінің анық белгілері байқалмаған. Жұққан болса бірден өліп қалар еді. Мұнда ағзасы арпалысып жата берген

Дәрігерлердің айтуынша, қайтыс болғандар сол малдың етін жалаң қолмен ұстағанын ескертпеген. Сондықтан қауіпті дертті бірден анықтау қиын болыпты. 33 жастағы марқұм Айгүл Ахметова тіпті тартылған шикі еттің дәмін татып көрген. Онысын кеш айтқан әйелді құтқарып қалу мүмкін болмады. Ал осы індеттен өлген 50 жастағы екінші тұрғын мал иесінің туған бауыры екен.

Марқұмдардың денесі мырыштан жасалған арнайы қабірмен жерленеді. Мамандар денедегі кесел топыраққа тараса, бактериялар 100 жылға дейін өмір сүреді дейді. Өйткені 20-шы ғасырдың басынан бері Шет ауданында осы кесел 16 жерден бой көрсетіпті. Ал дәл сол Еркіндік ауылында күйдіргі дерті осыдан 50 жыл бұрын тіркелген екен.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде