{metadescription}
Атырауда 31 балық төлқұжатқа ие болды
Атырауда 31 балық төлқұжатқа ие болды

Атырауда 31 балық төлқұжатқа ие болды

Бұл – бекіре тұқымдас бағалы балықтардың тұқымдық қорын жасақтау үшін жасалып отыр. Яғни, су жәндіктеріне орнатылған арнайы чип арқылы олардың бір-біріне туыстық жақындығының бар-жоғын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде гендік мутацияға ұшыраған шабақтардың көбеюіне тосқауыл қою үшін қажет. Сондай-ақ, алдағы 1-2 ай көлемінде тағы да 50-ден астам бекіреге құжат берілмек.

Басында барлық ақпаратты жинақтайтын кішкентай ғана құрылғысы бар ине тәріздес мынадай чип балықтың денесіне арнайы пистолет арқылы енгізіледі. Онда балықтың жынысы, төлқұжатының нөмірі, өзге балықтармен туыстық ара-қатынасының бар-жоғы туралы ақпарат жинақталған. Ихтиологтардың айтуынша, мұндай тәжірибе алғаш рет 2003 жылдары енгізіліпті. Ол кезде 5 бекіре мен 10 000-ға жуық шабаққа америкалықтардың көмегімен чип салынып, ашық теңізге жіберілген. Бірақ, кейін бұл жоба көп қаражатты қажет еткендіктен, чипты балықтарды ғарыш арқылы бақылау мүмкін болмапты. Ал бұл жолы оларды теңізге жібермейміз дейді мамандар.

Майра Зұлқашева, Жайық-Атырау бекіре өсіру зауытының бас балықшысы:

-Біз бұларды енді ашық теңізге жібермейміз. Өзіміздің тоғандарымызда өсіреміз. Яғни, бекіре балығының тап-таза генофондын қалыптастыру үшін, олардан дені дұрыс ұрпақ алу үшін жасалынып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.