{metadescription}
Балалардың жазғы демалысы ата-аналардың қалтасын әбден қаққалы тұр
Балалардың жазғы демалысы ата-аналардың қалтасын әбден қаққалы тұр

Балалардың жазғы демалысы ата-аналардың қалтасын әбден қаққалы тұр

Биыл елімізде лагерьлердің бағасы шарықтап кеткен. Сондықтан оқушылардың біразы 3 айын үйде өткізулері мүмкін. Ал ата-анасынан айырылған, мүмкіндігі шектеулі және аз қамтылған отбасындағы балалар мемлекет есебінен тегін демалады. Оған қазынадан миллиардтаған қаржы бөлініпті. Нұргүл Нұрланқызы жазғы демалыстың биылғы бағасын есептеп көрді.

Tлімізде 12 мыңнан астам лагерь жұмысын бастап кеткен.

Биыл оқушылардың жазғы демалысы биліктегілердің ерекше назарында. Бұл үшін бюджеттен 3 миллиард 600 миллион теңге бөлініпті. Ата-анасыз, мүмкіндігі шектеулі және аз қамтылған отбасындағы балалар осы қаржы есебінен демалады. Ал басқаларына биыл демалыс арзан болмайын деп тұр. Өйткені, баға барлық жерде еселеп артқан.   

Елена Геращенко, лагерь директоры:

- Біздің лагерьде бір күндік демалыстың бағасы 12300 теңге. Балалар іргетасы ағаштан қаланған ерекше үйшіктерде жатады. Барлық жағдай жасалған. Бұған қоса, мұнда ағылшын тілін дамытады. Ол үшін біз шет елден мамандар шақырамыз.

Яғни, әр демалыс орнының бағдарламасы, жатын орны мен ас мәзірі бағасына сай. Қымбаттарында тіпті, жеткіншектерге арналған спа-салондарға дейін бар. Алматыдағы ең арзан лагерьде 10 күн демалудың өзі 42 мың теңге болса, бізге белгілі қымбатының бағасы180 мың. Бағасы 40 мың тұратын демалыс орындары Ақмола мен Солтүстік Қазақстан облыстарында да бар. Бұлар еліміздегі ең арзан лагерь. Ал, Ақтөбе мен Қарағанды облыстарындағы лагерьлердің құны 30 бен 80 мыңның аралығында екен.

Құны шарықтап өскен демалыс орындарынан құр қалғандар үшін мектептердің жанынан күндізгі лагерьлер ашылыпты. Бірақ ол күніне небәрі 6 сағатқа ғана созылады. Ондағы қосымша сабақтар мен ойын-сауық тегін болғанымен, ішер ас пен барар жердің ақшасын тағы да ата-ана көтеруі тиіс.

Гүлжан Хәлелова, лагерь жетекшісі:

- Тамақ ата-ана тарапынан төленеді. Қыдыру, мысалы киноға ата-аналар өздері төлейді.

Жазғы демалысқа шыққан баланы саябаққа апару да тығырықтан шығар жол емес. Себебі, аттракциондардың құны біраз өскен. Сәйкесінше, биылғы маусымда мұнда келушілер салыстырмалы түрде азайыпты.

Александр Смирнов, саябақ директорының орынбасары:

– Өткен жылмен салыстырғанда мамырда адам аз болды. Жауын-шашынға байланысты. Қазір де күн ысығанына қарамастан, келушілер бірен-саран.

Саябақта бір баланың өзіне орта есеппен 3 мың теңге жұмсалады. Мұны, әсіресе, көп балалы ата-аналардың қалтасы көтермесі анық. Сондықтан, біраз оқушыға жаздың 3 айын үйде өткізуге тура келетін сыңайлы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.