{metadescription}
Шымкентте 30 жеткіншек балалар ауруханасының бөлімшелеріне сурет салып жүр
Шымкентте 30 жеткіншек балалар ауруханасының бөлімшелеріне сурет салып жүр

Шымкентте 30 жеткіншек балалар ауруханасының бөлімшелеріне сурет салып жүр

Олар мейірімді көріністермен аурухана қабырғаларын безендіріп, науқас бүлдіршіндердің көңілін көтеруге атсалысуда. Ал балалар мен олардың ата-анасы бастамаға мәз-мейрам.

Жұмагүл Әбдіуәлиева:

-Өзіміз кіргеннен таңғалдық. Өте жақсы, біз ауруханада емес, тура санаторий, курортта жүрген сияқтымыз.

Сұр қабырғаға қонжық, арыстан мен тасбақалардың суретін салу идеясы ағылшын тілінің тегін курсында бас қосқан жеткіншектерге екі апта бұрын келіпті. Дәрігерлермен сөйлесіп, келісім алған соң көп ойланбастан өздері ақша жинап, 50 құты сыр сатып алған. Салынатын суреттер мен бояудың түр-түсін мамандар жіті қадағалайды екен. Себебі, өзі ауырып жатқан балаға қою қызыл, тұңғиық қара түске қарамаған абзал. Әзірше бір ғана нейрохирургия бөлімшесінің 10 палатасына сурет салған олар алдағы уақытта онкология бөлімшесін де безендірмек.

Әнуарбек Маймақов, ОҚО балалар клиникалық ауруханасының бас дәрігері:

- Ауырып жатқан бала суретке қарап, аз да болса көңілін көтереді. Сосын имунитеті сәл жоғарылайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде