{metadescription}
Сенатор еліміздегі ең қорқынышты әскери бөлімді атады
Сенатор еліміздегі ең қорқынышты әскери бөлімді атады

Сенатор еліміздегі ең қорқынышты әскери бөлімді атады

Отардағы әскери бөлімде жұмбақ  жағдайда көз жұмған  сарбаздың қазасына сенаторлар араласты! Депутаттар Қорғаныс министрлігінен Саян Сатыбаевтың мәйітіне қайтадан сараптама жүргізуді талап етті.

Себебі депутаттар да Ақмола облысынан Отарға аттанған жас жігіттің өзіне қол салғанына күдікпен қарайды. Сондықтан Қорғаныс министрінен істің ақ қарасын ашып айтуды сұрап отыр. Оның үстіне марқұмның ата-анасы да әскерде ұлдарын ұрып өлтіргеніне сенімді. Бірақ, министрлік 22 жастағы сарбаз «асылып өлді» деген ресми қорытынды шығарып қойған. Тіпті, Саян Сатыбаевтың денесіндегі, саусақ пен арқасындағы көк дақтар өлген адамға тән өзгерістер деген-ді. Одан қалды, қабырға мен омыртқасының сынбағанын айтқан. Алайда, сұрағы көп бұндай ресми қортынды сенаторлардың да түсінбестігін туғызып отыр.

Жабал Ерғалиев, Сенат депутаты:

-Бауыр еті баласының өз-өзіне қол жұмсағанына ата-анасы неге сенбейді? Неге күмән келтіреді? Әлде осы әскери бөлімдерде әлімжеттілікті жасырып, әскери шенділеріміз тек өздерінің мундирлерін абыройларын сақтап жүрген жоқ па? Әскерге баратын балаларымыз тек осы Отарға түспесе екен дейтін ата-аналар көп. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде