Ұлыбританияның Еуро одақтан шығуы Қазақстан нарығына әсер етуі мүмкін
Еліміздің Ұлттық экономика министрі осылай деп отыр.
Автор: Диас Нұрақын
24.06.2016
Қуандық Бишімбаевтың айтуынша, валюта бағамы, мұнай мен шикізат бағасы әлемдік нарыққа тікелей байланысты. Мәселен Ұлыбританиядағы референдумнан кейін қор биржасындағы мұнай құны құлдырап, алтын қымбаттаған. Еуро мен фунд стерлинг те құнсызданып, доллар бағамы өсті. Сондықтан әлемдік саясаттағы бұл өзгеріс өзге елдердің экономикасына да әсер етпей қоймайды.
Қуандық Бишімбаев, ҚР Ұлттық экономика министрі:
-Дәл бүгінгі жағдай аса қорқынышты емес. Уақыт өте келе нарық бұл өзгерістерге де бейімделе бастайды. Біз тек сол кезде ғана Ұлыбританияның ЕуроОдақтан шығуы ел экономикасына қаншалықты әсер еткенін байқай аламыз. Бағаның қалай құбылатын, қашан тұрақтайтыны белгісіз. Оған әрине уақыт керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!