{metadescription}
0:000:00
Қарағандыдан кейін күйдіргі дерті  Шығыстан шықты

Қарағандыдан кейін күйдіргі дерті Шығыстан шықты

Күйдіргі ауруы еліміздің барлық аймағына тарауы мүмкін. Бүгін Шығыс Қазақстандағы екі адамның дәл осы дертті жұқтырғанын Денсаулық сақтау министрінің өзі растады.

Тамара Дүйсенованың айтуынша, 4 күн бұрын «күйдіргі індетін жұқтырды» деген күдікпен ауруханаға жеткізілген науқастардың жағдайы қазір қалыпты. Жарма ауданында бұдан бөлек тағы 30-ға жуық тұрғын дәрігерлердің жіті бақылауында. Осы қауіпті кеселдің тарауына байланысты Қарағанды облысының Еркіндік ауылында да 15 күн карантин жарияланған болатын. Елді-мекенде қазір 28 адам залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тіпті кіріп-шығар жолдың жабылғаны өз алдына, ауылды айналдыра ор да қазылып тасталған. Естеріңізге салсақ, мұнда 9 тұрғын ауру малдың етінен күйдіргі дертін жұқтырып, ауруханаға түскен болатын. Екеуі көз жұмып, жетеуі ем қабылдауда. Жалпы, дәрігерлер Еркіндіктегі 62 азаматты тіркеуге алған. Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрі дер кезінде көмек көрсетпеді деп тұрғындар кінәлаған дәрігерлерге қатысты да тексерістің басталғанын айтты. 

Тамара Дүйсенова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі:

-Қайтыс болған адамдар жөнінде республиканың көлемінде біздің комитеттен қажетті тексеруді жібердік. Қазір облыстық, аудандық клиникаларда дәрігерлердің  осы азаматтарды қабылдау кезінде қандай көмек көрсеткені, өз уақытында көрсетілді ме, сол мәселелерді зерттеп, зерттелгеннен кейін сіздерге қосымша ақпарат беретін боламыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде