Испанияда билік партиясы жеңіске жетті
Испанияда өткен парламент сайлауында билік партиясы жеңіске жетті. Бірақ Халықтық партияның жинаған дауысы бұл жолы да жеке Үкімет құруға жеткіліксіз.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
27.06.2016
Премьер-министр Мариано Рахойға үкіметті жасақтау үшін тағы біраз күрделі келіссөздер жүргізуіне тура келетін сыңайлы. Сайлауда Халықтық партия парламенттегі 350 мандаттың 137-сін иемденген. Ол желтоқсандағы сайлаумен салыстырғанда 14 дауысқа жоғары болғанымен, Үкімет құруға жеткіліксіз. Айта кетсек, бұл Испанияда жарты жыл ішінде екінші рет өткізіліп отырған сайлау. Өткен жылдың желтоқсанында Парламентке өткен бірқатар партиялар коалициялық үкіметті құрғанымен, көптеген мәселеде келісе алмай, ақыры тарап тынған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!