{metadescription}
Еуропалық Одақтан шығу Ұлыбританияны жікке бөлді
Еуропалық Одақтан шығу Ұлыбританияны жікке бөлді

Еуропалық Одақтан шығу Ұлыбританияны жікке бөлді

«Брекзит» Біріккен корольдік елдерін жікке салып жатыр. Еуропалық Одақ құрамынан шығуды қаламайтын Шотландия мен Солтүстік Ирландия парламенті алдағы күндері референдум қорытындысын қайта қарамақ. 

Осылайша, қара халық өз қалауын жасағанына қарамастан, корольдіктің бұл екі елінің басшылары Еуроодақ құрамында қалу жайлы үгіттеу жұмыстарын жалғастырмақшы. Референдум қорытындысы оппозициядағы лейбористерді де ұрыстырып қойды. Партия жетекшілері жік-жікке бөлініп, бір келісімге келе аймай жатыр. Ұлыбританияның бөлінуіне үзілді-кесілді  қарсы лейбористер өз жетекшілері Джереми Корбиннің тиісті дәрежеде халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізбегеніне наразы. Дегенмен, халқының 52 пайызы жеке-дара өмірді қалаған Ұлыбритания билігіне енді Еуропалық Одақпен арадағы барлық келісімді қайта қарап, тезірек бөліну ісіне кірісу керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде