{metadescription}
Павлодарда қараусыз қалған 2 бала суға кетіп көз жұмды
Павлодарда қараусыз қалған 2 бала суға кетіп көз жұмды

Павлодарда қараусыз қалған 2 бала суға кетіп көз жұмды

Павлодарда екі бала суға кетіп, көз жұмды. Құтқарушылар оларға бас-көз бола алмаған ата-аналарды кінәлауда.

6 жасар бала тереңдігі небәрі 1 метр жерде тұншығып қалған. Ол жұрт көп демалатын Ертістің жағажайына әкесімен еріп келген екен. Ересектердің көңілі араққа ауып кеткендіктен бүлдіршін қараусыз қалыпты. Осыған ұқсас жағдай Ақсу қаласында да болды. Жағажайда достарымен арақ ішкен ер адам 11 жасар ұлының өлі денесін көргенде ғана есін жиыпты. Ал Петропавлда 9 жасар қыз үш күннен бері табылмай жатыр. Балық аулауға келген жеткіншекті атасының көзінше қатты ағыс алып кеткен кеткен. Қазір құтқарушылар мен еріктілерден құрылған үш жүздей адам Есіл жағасын тінтіп жүр. Оларға сүңгуірлер де көмектесуде.

Евгений Журавлев , СҚО ТЖД баспасөз хатшысы:

- Еріктілер іздестіру жұмыстарына өз қайықтарымен келді. Қыздың өзі тірі деп айта алмаймын. Өйткені оның суда ағып бара жатқан жансыз денесін көргендер бар. Бірақ сонда да үміт жоқ емес. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде