{metadescription}
0:000:00
Білім министрі студенттерге дәріс оқыды

Білім министрі студенттерге дәріс оқыды

Астанада ақпарат саласының қызметкерлері күніне орай болашақ тілшілерге танымал журналистер дәріс оқыды. Спикерлердің арасында Білім министрі де бар. Әдетте ағылшын тілін көп насихаттайтын  Ерлан Сағадиев студенттерге білікті журналист болу үшін ең алдымен қазақ тілін меңгеруге кеңес берді.   

Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:

-Үштілділік ол  -  ең алдымен қазақ тілі туралы. Ең алдымен қазақ тілі! Жағдайымыз жаман емес. 70 пайыз жастарымыз қазақ тілін біледіБізде балалар неге 6 айдың ішінде оқып келеді? Себебі қазақтардың қабілеті өте жоғары.

Ал, белгілі блогерлер, телеарна басшылары болашақ журналистерге тегін  шеберлік сабағын өткізіп, шынайы әрі жан-жақты ақпарат таратудың құпиясымен бөлісті. Яғни, көрермен немесе оқырман оқиғаны тілшінің көзқарасы, жұртқа жеткізу әдісі арқылы ғана қабылдайды. Сондықтан, журналист ең алдымен мәліметті толыққанды таратуы тиіс. Бағдарлама жүргізушілері болса, журналистика факультетінің студенттеріне экранда өзін еркін ұстау мен әдемі сөйлеудің  әдісін үйретті. Сондай-ақ, интернеттегі күн сайын ағылып жатқан қауіпті, жалған ақпаратты ажырата білу туралы да сөз болды.

Данат Жумин, «Қазақстан 2050» жалпыұлттық қозғалысының төрағасы:

-Өздеріңіз білетіндей, қазір жастардың көбі әлеуметтік желіде отырады. Сонда қандай ақпарат бар? Жақсы да, жаман да ақпарат бар. Соны айырмашылығын білмейді жастардың көбі. Сол үшін  біздің жастарымызға сыни ойлау дағдысын үйрену керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде