Молдованың бұрынғы премьер- министрі 9 жылға сотталды
Влад Филат қызметін пайдаланып, жемқорлықпен айналысқаны үшін кінәлі деп танылды.
Автор: Олжас Байжан
28.06.2016
Прокуратура былтыр 15 қазанда қамауға алынған экс-премьердің Молдова банктерінен 1 миллиард евро жымқырғанын дәлелдеген. Сот үкім шығарған кезде осыны ескеріпті. Влад Филат ұзақ мерзімге абақтыда жатқанымен қоймай, қомақты айыппұл да төлеуі тиіс. Сондай-ақ, 40 миллион долларға бағаланған мүлкі тәркіленді. Экс-премьердің өзі тағылған айыпты мойындаған жоқ. Айта кетсек, Влад Филат Молдованың либералды-демократиялық партиясының жетекшісі болған. Ал Үкіметті 2009-2013 жылдар аралығында басқарды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!