Петропавлда монополист тұрғындардың артық төлеген ақшасын қайтаратын болды
Петропавлды жылумен қамтамасыз ететін монополист компания тұрғындарға 45 миллион теңге қайтаратын болды. Бұл өткен қыстың әдеттегіден жылы болуына байланысты.
Автор: Гүлмира Тасболатқызы
28.06.2016
Яғни, орташа температура жылдағы көрсеткіштен 3 градусқа жоғары болған. Сондықтан көмір аз шығындалдыпты. Мұндай жағдайда монополияны реттеу агенттігі есептегіш құралы жоқ тұрғындар үшін жылу ақысын қайта есептейді. Нәтижесінде «Севказэнерго» компаниясы халыққа 45 миллион қайтаруы тиіс» деп шешкен. Енді қызылжарлықтардың 70 пайызына әр шаршы метр үшін 14 теңгеден қайтарылатын болды. Бұл әр тұтынушыға шамамен 500-ден 800 теңгеге дейін келіп отыр.
Нелли Бабакехян, СҚО табиғи монополияларды реттеу департаменті басшысының орынбасары:
-Жаңа жылу маусымы қарсаңында тұтынушылардың ақшалары олардың шоттарына толығымен аударылатын болады. Үш бөлмелі пәтер үшін орташа алғанда 800 теңгеден келіп отыр. Кейін бұл ақша алдағы жылдың жылу ақысы үшін ұсталмақ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!