Қарағандыда алқа билерге айыппұл салынды
Қарағандыда сот процесіндегі ішкі тәртіпті бұзғаны үшін 2 алқа би әкімшілік жазаға тартылды. Олардың нақты қай ережеге бағынбағанын түсіндіріп бермесе де, судьяның қысымына қарсы шыққан алқа билерге айыппұл салынды.
Автор: Саят Сабдалы
28.06.2016
Осы іске қатысты әкімшілік сот тергеуіне 3 адам шақыртылған. Оның бірі тіпті алқа билер отырысына қатыспаған да. Десе де оған қарсы әкімшілік хаттама толтырылып сотқа тартылған. Жауап берушілер өздерінің нақты қай ережені бұзғанын түсіндіріп беруді талап етті. Алайда өздері де, қорғаушылары да мардымды жауап ести алмады. Шешім шығарарда отырысқа қатыспаған үшінші адам әйтеуір жазадан босаған. Ал қалған екеуі 30 мың теңгеден айыппұл төлеуі тиіс. Естеріңізге салсақ, қыз зорлау фактісі бойынша қаралған істе, алқа билер мен судьяның ойы бір жерден шықпай арты дауға ұласқан. Алқа билер судьядан қысым көрдік десе, судья Касимов бұлар ішкі тәртіпті бұзды деп, ақыры өздерін жазаға тартқызды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!