Петропавлда суға ағып кеткен қыздың денесін жергілікті малшы тауып берді
Петропавлда үш күн бұрын суға ағып кеткен қыздың денесі табылды. Өзен бетіне қалқып шыққан мәйітті алғашқы болып жақын маңдағы ауылдың малшысы көрген.
Автор: Гүлмира Тасболатқызы
28.06.2016
Ол дереу төтенше жағдай қызметі мен еріктілерге хабар беріпті. Жеткіншектің денесін ағысы қатты өзен оқиға болған жерден 12 шақырымға дейін ағызып әкеткен екен. Естеріңізге салсақ, 9 жасар Виктория Королева атасымен балық аулап жүріп Есілге құлап кеткен еді. Оны іздеу барысында құтқарушыларға 300-дей ерікті көмектесті. Үш күн бойы өзен жағасын тінткен олардың каратэші қызды тірі табамыз деген үмітттері ақталмады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!