{metadescription}
Астанада Балдырған Сыбанбаеваның өліміне қатысы бар таксиші ұсталды
Астаналық полицейлер Балдырған Сыбанбаеваны азаптап өлтірді деген күдіктіні тапты. 25 жастағы Елорда тұрғыны такси жүргізушісі екен. Түнгі клубтан шыққан кәсіпкер қызды ол көлігімен алып кетіпті. Куәгерлердің айтуы бойынша, таксидің нөмірі анықталып, жүргізушісі де бірден қолға түскен. Сауда-саттықпен айналысатын Балдырған Сыбанбаева 10 күн бұрын жоғалып, күні кеше мәйіті Астана шетіндегі тоғайдан табылған болатын. Азаптап өлтірілген 33 жастағы қызды бүгін туыстары соңғы сапарға шығарып салды.
Автор: Досжан Маратұлы
28.06.2016
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!