{metadescription}
Қарағандылық студент күйдіргі дертін жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылды
Қарағандылық студент күйдіргі дертін жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылды

Қарағандылық студент күйдіргі дертін жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылды

Қарағандыда тағы бір адам күйдіргі дертін жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті. 24 жастағы жігіт Қарағанды медициналық университетінің 5 курс студенті екен. Емдеу мекемесінде тәжірибеден өтіп жүрген ол науқасты қарауға қатысыпты.

Одан алынған сынамалар сараптамаға жіберілген. Ал карантин жарияланған Еркіндік аулында тағы бір сиыр арам қатты. Ірі қара кесел жұқтырды ма әлде залалсыздандыратын дәрілерден уланды ма, соны қазір ветеринарлар анықтауда. Жалпы, дерт ошағы –Еркіндікте ауру жұқтырғандармен байланыста болған 73 адам дәрігерлердің бақылауында. Ауылда залалсыздандыру шаралары да үзіліссіз жүріп жатыр. Мамандар ауру таратуы мүмкін деп 47 қаңғыған ит пен мысықты ұстап өртеп жіберген. Ал арам өлген тайыншаның денесінен сынамалар алынып, арнайы сараптамаға жіберіліпті.

Марат Мұхтаров, Ветеринарлық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша испекциясының жетекшісі: 

-Дәріні қоражайдың айналасына жасағанда оның жанында шөптер өсіп тұруы мүмкін. Содан уланған шығар деген де қауіп бар. Бірақ ешқандай клиникалық белгілері жоқ. Сібір жарасы, күйдіргіде малдың денесі босаңсиды. Ал мұнда тәні қатты, ауру малдың өзіне тән клиникалық себептері жоқ.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.