{metadescription}
0:000:00
Таразда арбаға таңылған адамдар шенеуніктерден пандус орнатуды талап етті

Таразда арбаға таңылған адамдар шенеуніктерден пандус орнатуды талап етті

Тараздағы кембағал жандар жергілікті билікке наразы. Айтуларынша, аймақта арбаға таңылған азаматтарға мүлдем жағдай жасалмаған. Ой-шұңқыры шыққан жол өз алдына, көп мекемелерде пандус атымен жоқ. Болған күннің өзінде талапқа сай келмейді. Мүмкіндігі шектеулі жандар соның кесірінен азапқа түсуде. 

Елге түрлі қызмет түрін ұсынатын мына мекеменің есігінен ену қиямет-қайым дейді мүгедектер. Жарымжан жандар мұнда пандус арқылы көтерілгенімен, ғимараттың ішіне кіре бергенде бөгеледі.    Кембағал жандардың әр күні осындай экстримге толы. Қауіпті жерлермен жүріп жазым болмас үшін, олар жақындарының жәрдеміне зәру. Осындай қиындықтардан әбден мезі болған Факия Шихова, бүгін тілшілер арқылы шенеуніктерге тағы үн қатты. 

Факия Шихова, «Асыл-Ай» мүгедектер қоғамдық ұйымының төрайымы:

-Біздің ұйымда спортпен шұғылданатындар өте көп. Жарыстарға да жиі барып тұрамыз. Шет мемлекеттерге шықсақ, таң қалып келеміз. Кембағалдар үшін бар жағдай жасалған. Еш қиналмай жүресің. Ал бізде өзің тұрмақ, көмекшіңмен жүрудің өзі қиын. 

Қалалық мәслихаттың ең жас депутаты Серікбол Бекқожа күтпеген жерден көпті таң қалдырды. Ол мүгедектер арбасына отырып, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, мүмкіндігі шектеулі жандарға қаншалықты жағдай жасалғанын көрді. Алайда халық қалаулысына бұл сапар оңайға соқпаған тәрізді.   

Депутат осы ісімен ел алдында ұпай жинайын деді ме, әлде мүгедектерге шын жанашырлық танытты ма ол жағы белгісіз. Анығы, қос қолымен доңғалақты ертелі кеш айналдырып шаршаған ол мүгедектердің жайын жақсы түсініпті.   

Серікбол Бекқожа, Тараз қалалық мәслихатының депутаты:

-Арбада отырып жұмыс істегеннен кейін енді түсініп жатырмын. Қазір ғана көріп жатсыздар, өте көп күш жұмсау керек болды. Қолым ауырып қалғаны рас, ол азаматтарды енді түсініп жатырмыз оларға қандай күш пен жігер қажет екендігін.

Жарымжандардың бітпес жыры әлі де айтыла бермек. Өйткені өңірдегі мүгдектерге қолайлы жағдай жасалауы тиіс 177 нысанның тек 41-інде ғана олардың қажеттіліктері ескерілген. Ал өзгесінде  болған күннің өзінде талапқа сай емес. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.