{metadescription}
Жерорта теңізінен 800 адаммен су астына кеткен кеменің қаңқасы шығарылды
Осыдан 2 жыл бұрын апатқа ұшырағандар – Еуропаға жақсы тұрмыс іздеп шыққан африкалық мигранттар болатын. Кеме қаңқасын су әбден шайып жіберген. Мигранттардың моласына айналған қайықтың ішінен 118 адамның мәйіті табылды. Ал қалған 700-дейі дауыл тұрған сәтте-ақ суға батып өлген. Жерорта теңізінде жаппай қырылған мигранттарды теңіз күзеті екі жыл қатарынан іздеп, әрең тапқан. Енді су астында жатып қалған сүйектер сот-медициналық сараптамадан өтіп, өлген адамдардың аты-жөндері анықталатын болады.
Автор: Аруна Ортай
29.06.2016
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары
загрузка...