Дүйсенова күйдіргі дерті жайында жалған ақпарат таратқандарды қылмыстық жазамен қорқытты
Күйдіргі дертіне әлдеқайда көп адамның шалдыққаны жайлы ақпарат жалған. Бүгін халық алдында есеп берген Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова, whatsapp желісінде тараған мәліметті жоққа шығарып, жұртты бекерге алаңдамауға шақырды.
Автор: Досжан Маратұлы
29.06.2016
Әлеуметтік желіде аты жаман кеселді 20-дан астам адам жұқтырып қана қоймай, өзге де қауіпті инфекциялардың тарағаны жазылған. Мұны жоққа шығарған министр, жұртты дүрліктіргендер міндетті түрде қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын жеткізді. Айтуынша, індетті жұқтырған өзге адам жоқ. Ал, кеше ғана күйдіргі дертінің белгілерімен ауруханаға түскен қарағандылық студенттің диагнозы әлі расталмады дейді министр.
Тамара Дүйсенова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі:
-Күйдіргі ауруы шыққан ошақтарда жағдай бір қалыпты. Кеселдің алдын алу жұмыстары жүріп жатыр. Ал, ауыл шаруашылығы министрі ет пен сүттің таралуын қатаң қадағалап отыр. Сондықтан алаңдамаңыздар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!