{metadescription}
Қазақстан әлемдегі ушыққан геосаясатты реттеуге мүмкіндік алды
Қазақстан әлемдегі ушыққан геосаясатты реттеуге мүмкіндік алды

Қазақстан әлемдегі ушыққан геосаясатты реттеуге мүмкіндік алды

Еліміз енді әлемдік қауіпсіздікке қатысты мәселелерді шешуге тікелей  араласа алады. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесінің  тұрақты емес мүшесі  болып  сайланды. Әдетте сұхбат беруге құлық танытпайтын Сенат спикері бүгін журналистердің алдына арнайы шығып, жұртты осы жағдаймен құттықтады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Сенат спикері:

-Бұл – Қазақстан үшін мейрам, тарихи оқиға, тарихи жеңіс деп айтуға болады. Бүкіл ел азаматтарын шын жүректен  құттықтаймын!  Бұл – Президенттің  әлемдегі беделінің арқасында жеткен жетістігі.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің 15 мүшесі бар. Оның бесеуі, яғни Ұлыбритания, Қытай, Ресей, АҚШ және Франция тұрақты болса, қалған 10 мемлекет тұрақты емес. Енді Қазақстан да кеңестің 2017-2018 жылдардағы жұмысына  қатысу құқығына ие болды.  Елімізді  әлемнің  138 мемлекеті қолдап, дауыс беріпті. Басшысы осындай жағымды жаңалықты жеткізген Сенат бүгін жартыжылдық жұмысын да  қорытындылады. Жоғарғы палата алты айда әлеуметтік-экономикалық салаға қатысты 72 заң қабылдап үлгеріпті. Ал ертең Парламенттің бірлескен отырысы болады.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде