{metadescription}
Ыстамбұл әуежайында болған қазақстандықтар жойқын жарылыстан қалай аман қалғандарын айтты
Ыстамбұл әуежайында болған қазақстандықтар жойқын жарылыстан қалай аман қалғандарын айтты

Ыстамбұл әуежайында болған қазақстандықтар жойқын жарылыстан қалай аман қалғандарын айтты

Осы оқиғаға байланысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия президентіне көңіл айтып, жеделхат жолдады. Президент онда күллі мұсылман халқы үшін қасиетті айда әдейі жасалған лаңкестік әрекеттің ешкімді бей-жай қалдырмағанын жеткізген. Айта кетейік, бұл жарылыстан зардап шеккендер арасында отандастарымыз жоқ. Бірақ, дәл сол сәтте Ататүрік әуежайында болған жерлестеріміз бар. Олар қанды оқиға кезінде көзбен көргендерін біздің тілшілерге айтып берді.

Жойқын жарылыс кезінде әуежайда отандастарымыз да болған. Дәл сол сәтте жүк терминалының өзінде Болгарияға Ыстамбұл арқылы ұшпақ болған 26 қазақстандық отырған. Бір сәтте астаң-кестеңі шыққан ғимараттың өзге залдарында да жерлестеріміз қаннен-қаперсіз жүріпті. Демалуға барамын деп, жарылысқа куә болған отандастарымыздың бірі – Әсел Өмірбаева.

Әсел Өмірбаева:

- Бірінші жарылыс  қатты болды. Терезелердің күл-талқаны шығып, жарықшақтары адамдарға тиді.

Ал жарылыстан кейін 1 сағатқа дейін ешқандай көмек көрсетілмепті. Әуежайдан да сағаттар бойы шыға алмаған.

Әсел Өмірбаева:

- Бізді төлқұжат тексеру аумағында 4 сағат ұстап отырды. 4 сағат күтіп отырдық. 1 сағаттан кейін бізге су беру басталды. Талып қалған адамдар өте көп болды.

Ыстамбұлдағы отандастарымыз қазір көшеге шығуға жүрексініп қалғандарын айтады. Ал Болгарияға беттеген қазақ жолаушылары бірнеше сағатқа кешігіп, ақыры діттеген жерлеріне жеткен. Жарылыстан қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ. Елімізде осы оқиғадан кейін Түркия сапарынан бас тартып жатқандар да байқалмайды. Керісінше, жұрт туристік агенттіктерге барып, Қара теңіз жағалауына жолдама алып жатыр.

Данияр Хасанов, Алматы қаласының тұрғыны:

- Бұл жағдай демалыстан бас тарту үшін кедергі емес. Мұндай жарылыс Еуропада да, Америкада да ұйымдастырылуы мүмкін. Егер қорқатындар болса шет елге шықпай, үйлерінде отырсын.

Бүгін Қазақстан бойынша 50-ге жуық адам ғана демалыс бағытын  өзгерткен. Ал еліміздегі туристік агенттіктер жағдайдан секем алып қалғандарға жолдама ақшасын толығымен қайтарып беруге дайын.

Әсел Нұркебаева, Қазақстан туристік агенттіктері қауымдастығының президенті:

- Түркия сапарынан қорқып қалғандар болса, жолдаманы сатып алған агенттігіне барлық құжаттарын алып барып, арыз жазуы керек.Әр клиенттен түскен шағымды жеке-жеке қараймыз.

Дегенмен, туристік агенттіктер де Түркиядан бас тартуға еш негіз жоқ деп отыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 ақпан

14 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде