{metadescription}
0:000:00
Жас ғалымдар еліміздің мұнайға тәуелділігін азайту жолдарын талқылауда

Жас ғалымдар еліміздің мұнайға тәуелділігін азайту жолдарын талқылауда

Олар бұл тақырыпты Алматыда өтіп жатқан халықаралық жиында ортаға салып, өз ұсыныстарын жеткізді.

Ғылыми конференцияда энергетикалық қауіпсіздік мәселелері де кеңінен қозғалды. Отандық жас ғалымдар бүгінде қайта қалпына келтірілетін қайнар көздерден энергия өндіру жұмыстарын бастап кеткен. Яғни олар жасаған 3 қабатты жел электр станциясы Қарағанды мен Ақмола облыстарында орнатылып үлгерген екен. Осы еңбектерін бүгін олар ағылшын ғалымдарына көрсетті. Тұңғыш Президент қорының қолдауымен өтіп жатқан шараға Ұлыбританиядан 20-дан астам оқымысты арнайы шақырылыпты. Енді, қазақ-британ ғалымдары осы талқыланған тақырыптар аясында бірлесе отырып ондаған ғылыми жобаларды жүзеге асырмақ. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде