Еуроодақ Ұлыбританияны тығырыққа тіреді
Еуроодақ Ұлыбританияны ресми жауап беруге асықтырды. Ондағылар «брекзит» туралы мәлімдеме жасаған сәтке дейін ешқандай келіссөз жүргізілмейтінін жеткізген. Ал Брюссельдегі кезекті жиынға Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон бірінші рет қатысқан жоқ.
Автор: Олжас Байжан
30.06.2016
Жалпы, ортақ нарықтан шыққан жағдайда ағылшындар одақ шеңберіндегі төрт жеңілдіктің барлығынан айырылайын деп тұр. Оның ішінде елдер арасында еркін жүріп-тұру да бар. Ал мамандардың айтуынша «брекзит» екі жылға созылуы мүмкін. Осы уақыт аралығында экономикаға түсер ауыртпалықтардың барлығы ойластырылуы қажет. Себебі, бір мүшесін жоғалқан Еуроодақтың экономикасы құлдырай түседі, сонымен қатар оның саяси беделі азаятындығы анық.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!