Ирак әскері ДАИШ жасағына жойқын соққы берді
Әуеден жасалған шабуыл арқылы 250-ге жуық содырдың көзі жойылды. Экстремистік топ өздері бір кезде бекініп алған әл Фаллужи қаласынан бас сауғалап қашып бара жатқан. Әуе қорғаныс күштері мен коалиция боп біріккен Ирак әскері жау шебін тұтқиылдан бастырмалата шабуылдады. Көліктермен сап түзеген ДАИШ жасағы қаза тапқан қаруластары мен жараланғандарды тастай қашты. Бұл Ирак әскері үшін соңғы екі жылдағы ең сәтті операция болып отыр. Маңайдағы елді мекендерді ДАИШ жендеттерінен босатқан сарбаздар әуеден барлауды одан әрі жалғастыруда.
Автор: Аруна Ортай
30.06.2016
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!