{metadescription}
0:000:00
Түркия әуежайын жарғандар бейнебақылау камерасына түсіп қалған

Түркия әуежайын жарғандар бейнебақылау камерасына түсіп қалған

Таспада жарылғыш зат көтерген жанкештілердің ғимарат ішіне жайбарақат кіргендері көрініп тұр.

Бұл кадрлар қазір Түркияның түкпір-түкпіріне тарап жатыр. Үш жанкештінің бірінің аты-жөні белгілі болды. Ол Мүсілім Сарыйяр деген түрік азаматы боп шықты. Өз отандастарына оқ атып, артынша өз-өзін жарып жіберген жігіт ғимарат ішіне бірінші боп кірген. Бүгін Ыстамбұлда осы лаңкестік әрекетке қатысы болуы мүмкін деген күдікпен 13 адам құрықталды. Қаладағы бірнеше пәтерлерді тінтіген полиция қызметкерлері олардан қару-жарақ пен жарылғыш заттар тәркіледі. Сондай-ақ, Измирде лаңкестерге қолдау білдірді деген күдікпен 9 адам ұсталды. Естеріңізге салсақ, алдыңғы күні Ататүрік әуежайында үш жанкешті өздерін жарып, соның салдыранын 40-тан аса адам қаза тауып, 200-ден астамы жараланған болатын.     

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде