Балқашта оқушы қызды өлтірген танымал әнші ақыры ұзақ мерзімге сотталды
14 жастағы қызды өлтірді деп айыпталғанымен алқа билері ақтап алған балқаштық әнші Станислав Кимге қатысты соттың жаңа үкімі шықты. Прокуратураның қарсылығымен қайта қаралған іс бойынша күдікті кінәлі деп табылып, 14 жылға сотталды.
Автор: Саят Сабдалы
01.07.2016
2014 жылдың 7-ші қарашасында қансырап жатқан Виктория Шевкунова Балқаштағы орталық саябақтан табылған болатын. Көп ұзамай күдікті ретінде қалаға танымал әнші Станислав Кимнің қолына кісен салынды. Алғашында қылмысты толықтай мойындағанымен алқа билер қатысқан сотта белгісіз біреулер пышақтаған қыздың қасында кездейсоқ тап болғанын айтып ақталған. Сөзі мен дәйектерге алқа билер де сеніп, ақталып шыққан еді. Бірақ іс қайта қаралып, Ким осы жолы алқа билерді иландара алмаған сияқты. Сот 14 жылға қатаң тәртіптегі колонияға қамау үкімін кесіп, қаралы отбасына 3 миллион теңге өтемақы берсін деп шешті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!