{metadescription}
Алматыда полицей боп киініп, көлік ұрлаған қылмыстық топ  құрықталды
Алматыда полицей боп киініп, көлік ұрлаған қылмыстық топ  құрықталды

Алматыда полицей боп киініп, көлік ұрлаған қылмыстық топ құрықталды

Полицей боп киініп, көлік ұрлаған. Алматыда жүргізушілерді алдап, қымбат көліктерін алып қойып отырған алаяқтар қолға түсті. Ал қылмыстық топтың жетекшісі Ресей азаматты.

Оның қоластындағы төрт адамнан құралған топ ақшаға мұқтаж қымбат көлігі бар адамдарға ірі көлемде қарыз беретін қалталыларды тауып беріп отырған. Ал қарыз алушы адам кепілдікке қымбат көлігін қоюға тиіс болыпты. Кейін қарызын қайтару кезінде сау етіп полиция формасын кигендер келе қалады. Келген бойда кепілге қойылған көліктің ұрланғанын әрі іздеуде жүргенін айтып, сол жерде хаттама толтырып, алып кетеді екен. Жалған полицейлер қаладағы сауда орындарының бірінде осындай кезекті қылмысының үстінде қолға түсті. Алаяқтардың осыған дейін екі «Тойота Лэнд Крузер Прадо» мен «Мерседес Бенс» көлігін бөлшектеп өткізіп жіберген. 

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ІІД ресми өкілі:

 -Полиция қызметкерлерінің рөлін 3 жергілікті тұрғын атқарған болатын. Оның екеуі жедел уәкілдер болса, тағы бірі тергеушімін деп алдаған. Автокөліктерін тексеру барысында жалған қызметтік куәлік, жалған  хаттамалар  кісендер тәркіленді.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде