{metadescription}
Астанада Қазақстан - Ресей колледжі жабылып қалды
Астанада Қазақстан - Ресей колледжі жабылып қалды

Астанада Қазақстан - Ресей колледжі жабылып қалды

Астанада 400-дей студент далада қалғалы тұр.Өйткені осы уақытқа дейін олар білім алып келген халықаралық Қазақстан-Ресей колледжі жабылып жатыр.

Бұған ата-аналардың барлығы қатты ашулы. Себебі басшылық білім ордасының жабылатынын ертерек ескертпеген. Ал мұны өткен бейсенбідегі жиналыста ғана білген ата-аналар енді балаларын қайда апарып оқытарын білмейді. Өйткені кейбір мамандықтар тек осы колледжде ғана бар екен. Сондықтан жыл сайын оқу ақысы үшін 230 мың теңге төлеп келген тұрғындардың жалғыз талабы - балаларының алдағы оқу жылын осында бітіріп шығуына рұқсат ету.

Зибагүл Аяпбергенова, Астана қаласының тұрғыны :

Қайда барамыз? Балаларды қайда оқуға жібереміз? Басқа коллеждер қабылдау жүргізіп болды. Далаға тастап отыр, ұят

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

24 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде