Геннадий Головкин Қарағандыдан бизнес ашты
Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкин Қарағандыда көмір байыту фабрикасын ашты. Отандасымыз менмін деген қарсыластарын сұлатып жүріп тапқан қаражатын Қазақстан экономикасына салуды жөн көріпті.
Автор: Саят Сабдалы
05.07.2016
160 адам жұмыс істейтін су жаңа фабрика жылына 500 мың тонна көмір байытуға шақталған. Алайда Қарағандыда онсыз да миллиондаған тонна көмір байыта алатын бірнеше комбинат бар. Дағдарысқа байланысты қазір олардың өзі толық қуатпен жұмыс істеп тұрған жоқ. Дегенмен мамандар жаңа заман құрылғыларымен жабдықталған фабриканың ұтары орасан деп сендірді. Жоба құны 2 миллиард теңгеге жуықтаса, оның 650 миллион теңгесін мемлекет бөліпті. Головкин нақты қанша қаражат құйғанын айтпаса да, фабрика акциясының бақылау пакеті өзінде екенін жеткізді.
Геннадий Головкин, кәсіпқой бокстан әлем чемпионы:
-Өзімнің маңдай теріммен тапқан қаражатым. Қарағандыда туып өскеннен кейін, өзіме көмір өндірісі жақын екені рас. Әкем де 35 жыл шахтада еңбек етті. Іс оңға басады деген үміттемін. Одан басқа да бірнеше жобаларды бастау да ойда бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!