{metadescription}
0:000:00
Алматы облысында зейнетақысын ала алмай ашуға мінген қарттарды аудан әкімі әзер сабасына түсірді

Алматы облысында зейнетақысын ала алмай ашуға мінген қарттарды аудан әкімі әзер сабасына түсірді

Зейнетақының бейнеті! Алматы облысында ақшасын ала алмаған ашулы қарияларды банк басшысы мен аудан шенеуніктері әзер сабасына түсірді. Таңнан кезекке тұрып бір тиын ала алмаған қарттар әсіресе ұлық мейрамда ақша бермей, зар қақсатқан жауапты орындарға қатты қапалы. Ал тілшілер барғанда ғана төбе көрсеткен аудан басшылары әртүрлі сылтау айтып, ақталып әлек.

Талғардағы банк бөлімшесінің алды таң атпастан қарақұрым адам. Өңшең қария мейрамда айттаудың орнына аяғы талып, кассаның алдын торуылдап жүр. Шілде басталғалы бесінші күн өтсе де зейнетақы түспеген.

Роза Төлегенова, Талғар қаласының тұрғыны:

-Бір-біріне сілтеп қанымызды ішіп отыр. Жынды адам  құсап тұрмыз сағат 8-ден. Аяқ ауырып тұра алмай тұрмыз. Орындықта жоқ, жағдай жамасаған Халық банк.

Айналдырған 3-4 банкоматта тыным жоқ. Бәрі қалың кезекке тұрып бақыр тиын көрем бе деген үмітпен қайта-қайта тексеріп әлек. Әлден соң сыртта күтіп шаршағандар жапатармағай банк бөлімшесінің басшысына кіріп барды. Менде кінә жоқ деген ол абдырап елдің көзінше бастығына қоңырау шалды.

Қаражат ертең түседі деген соң қаумалаған жұрт ақшадан күдер үзе бастаған еді. Алайда тілшілердің келуін күткендей-ақ, таң атқалы төбе көрсетпеген әкімдік өкілдері де аяқасты пайда бола кетті. Жүйкесі жұқарған жұрт әкімсің-ау деген жоқ.

-Ұрыспай, тұра тұрыңыз!  Міне, өзім де келіп тұрмын.  20-ы күні тізімді түгел жібердік деді.  Күтіп отырмыз.

Даурыққан елді сабырға шақыру үшін зейнетақы беретін орталықтың басшысын шақыруға тура келді. Ақшаны қалайда бүгін береміз деп ол да шыр-пыр боп жатыр.

Марика Қырықбаева, ЗТМО Талғар аудандық бөлімінің директоры:

-Олар бізді кешіктіріп жатыр деп ойлайды. Ал негізінде жұмыс уақытымен жүріп жатыр. Тіпті, біз мерзімінен ерте берейін деп жатырмыз. Тек айдың алғашқы күндері демалысқа түсіп қалды. Уақыты содан созылып отыр.  

Зейнетақы төлеу орталығының басшысы осылайша бәрібір өздеріне шаң жуытпады. Бірақ, 3 күн бойы жөнді жауап қатпаған басшылар бүгін кешке дейін зейнетақымен жарылқаймыз деген уәде берді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде