{metadescription}
0:000:00
Рамазан айымен қимай қоштасқан мұсылмандар Ораза айтты тойлап жатыр

Рамазан айымен қимай қоштасқан мұсылмандар Ораза айтты тойлап жатыр

Күллі мұсылман қауымы үшін бүгін ұлық мереке – Ораза айт басталды. Рамазан айы аяқталысымен келетін мейрам елімізде ерекше тойланып жатыр. Осыған орай жамағат таңертең мешіттерге асығып, айт намазына жығылды. Пітір садақа берді, Жаратушыға жалбарынып, дұға қылды. Ел мұсылмандарын айтулы күнмен президент Нұрсұлтан Назарбаев та құттықтады. Таңсәріде мешітке барған тілшіміз Досжан Маратұлы да айттың нағыз халықтық мерекеге айналғанына көз жеткізіп келді.

Ораза айт – 30 күн ауыз бекіткен жамағат үшін Алланың үлкен сыйы. Сондықтан бес парыздың бірін абыроймен атқарғандар таңда Алла үйіне асықты. Осы ұлық мерекені асыға күткендер тіпті Орталық Азиядағы ең ірі мешіт «Әзірет Сұлтанға» сыймай қалды. Құлшылық ордасының іші тұрмақ, сыртынан зорға орын тауып сап түзеген жамағат кейін, айт намазына жығылды.

Намаздан кейін жұрт қасиетті аймен қимай қоштасты. Өйткені, Рамазан айында Алла – жүректерді мейірімге бөлеп, құлшылық еткен жандарға мол сауап жазады. Сондықтан жаратқанның ризашылығына асыққандар бір-біріне ақ тілектерін жаудырып, шүкіршілік етті. Ұлық мерекемен мұсылмандарды Нұрсұлтан Назарбаев та арнайы құттықтады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Ораза айт – бір шаңырақтың астында ауызбіршілік пен келісімде өмір сүріп жатқан барша қазақстандықтарды біріктіре түсетін ынтымақ мейрамы. Бұл күндері мұсылмандардың игі істері исламның қайырымдылық пен мейірімділіктің, өзара көмек пен жанашырлықтың діні екенін айшықтай түседі. Қасиетті мейрам әрбір шаңыраққа шаттық пен денсаулық, игілік пен бақ-береке әкелсін.

«Әзірет Сұлтан» мешітінің мұқтаж жандарға арналған өз айттығы бар екен. Яғни, 150 отбасы түрлі азық-түлікпен қамтылып, сыйлық алды.  Ал, мешіт сыртында ұлық мереке ұлттық ойындармен ұлықталды. Білекті жігіттер қол күрестіріп, гір көтерді. Арқан тартып өзара мықтыны анықтады.

Топ жарған жігіттер құр алақан қайтқан жоқ. Мешіт атынан ақшалай сыйлықтар табысталды. Айтшылап келгендерге де арналып киіз үй ішінде мол дастархан жайылған. Осындай ұлық мерекені тойлап жатқан үлкен де кіші де дән риза. Тіпті, айтулы күнді атап өту үшін ата-қонысына Қытайдан да келгендер бар.

Әуезхан Қинаят:

-Елді көрдік, жерді көрдік, мекенді көрдік. Астана әйгілі керемет қала екен. Басқан қадамымыздың бәрінде қызық думан. Жақсылық бар екенін сезіндік.

Осылайша Ораза айт нағыз халықтық мерекеге ұласты. Негізі апатап ыстықта ауыз бекіту үлкен сынақ. Осы парызын мүлтіксіз өтегендер енді келесі айтқа аман жетуді тілеп отыр.

Серікбай Ораз, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы:

-Пайғамбарымыз (с.ғ.с) айтады: «Тек Рамазаншыл болып қалмаңыздар Раббышыл болыңыздар, маусымшыл болып қалмаңыздар, көп құлшылықта, жыл он екі ай үнемі Алладан үміттеріңізді үзбестен, үнемі ғибадат етіңіздер дейді.

Қайнаған ыстыққа қарамастан ораза ұстап, Алланың мейіріміне бөленуге асыққан жұрт осылайша Рамазанмен қимай қоштасып жатыр. Сөйтіп, Ұлық мереке Ораза айтты тойлауды бастады. 3 күнге жалғасатын мейрамда көрші-қолан, ағайын тума бір-біріне барып айтшылайды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.