{metadescription}
Сирияда кезекті жарылыстан 10-нан астам адам көз жұмды
Сирияның солтүстік-шығысындағы Әл-Хасака қаласында болған жарылыстан 10 адам көз жұмды. Тағы 30 тұрғын ауыр жараланған. Террористік әрекетті жанкешті жасағаны белгілі. Ол «Ислам мемлекеті» ұйымының содыры болғаны да анық. Шабуыл жасалған Әл-Хасака қаласы содырлардан бір жыл бұрын азат етілген екен. Тағы да қақтығыс болған аймақта қазір төтенше жағдай жарияланды. Бұған қоса, мұнда тағы бір терактінің болу қаупі бар. Қазір жергілікті әскерлер жарылғыш зат қойылған автокөлікті іздестіруде.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
06.07.2016
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!